Анджей Себастьян Дуда (, 16 мамыр 1972 жыл, Краков) — польшалық саясаткер, Польша президенті (2015—2025).

Өмәрбаяны 1996 жылы Краковтағы Ягеллон университетінің құқық және әкімшілік факультетін бітірген. 1997 жылғы ақпанда Ягеллон универститетінің сот өндірісі кафедрасында өзінің ғылыми және оқытушылық жұмысын бастады. 2001 жылғы қазанда ол Ягеллон универститетінің әкімшілік құқық бөлімінің штатына кірді.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Дуда Әділет министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары болды. 2008–2010 жылдары ол Польша президенті Лех Качинский кеңсесінде хатшы, 2011–2014 жылдары Польша Сеймінің Польша Құқық және әділет партиясынан сайланған мүшесі болды. 2014 жылғы 25 мамырда өткен Еуропа парламентінің Польшадағы сайлауы нәтижесі бойынша Сеймдегі депутаттық өкілеттігін өткізіп, Еуропарламент мандатына ие болды.

Сол жылғы 6 желтоқсанда партия атынан Польша президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. 2015 жылғы 30 наурызда оның өтініші Ұлттық сайлау комиссиясында тіркелді. Сайлау барысында «Пяст», «Бірлескен Польша», «Тәуелсіздік Қорғауы Лигасы», «Польша —Бірге» партиялары және «Ынтымақтастық» кәсіподағы тарапынан да қолдау тапты.

2015 жылғы 10 мамырдағы Польша президенті сайлауының 1-айналымында ең көп дауыс (34,76 %) алып, қазіргі президент Бронислав Коморовскиймен бірге екінші турға өтті.Польшада 24 мамырда президенттік сайлаудың екінші туры өткізілді // «ТАСС». 11 мамыр 2015. Екінші айналым нәтижесі бойынша Анджей Дуда 53% дауыс алып, Польша президенті болып сайланды.http://tass.ru/mezhdunarodnaya-panorama/1993504

Отбасы Әкесі Ян Тадеуш Дуда — техника ғылымдарының кандидаты. Анасы Янина Милевская-Дуда — химия профессоры.Twój Prezydent. Andrzej DudaDane osoby z wykazu osób publicznych. Andrzej Duda

Дуда әдебиетші Юлиан Корнхаусердің қызы Агате Корнхаусер-Дудаға үйленген.Andrzej Duda: spóźniony pociąg do polityki Жұптың бір қызы бар.

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты

Дереккөздер

Санат:Польша саясаткерлері Санат:Польша президенттері