Далабаев Ералы (1934 ж.т., Жамбыл ауданы, Танты а.) - ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Қысқаша өмірбаяны 1964-72 ж. еңбек жолын орта мектептің мұғалімдігінен бастап, Талас аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, "Ойық", "Бостандық" кеңшарларында партия комитеттерінің хатшысы, 1972-80 ж. аудандық халық бақылау комитетінің төрағасы, 1980-90 ж. "Ойық" кеңшарында директор, 1990-94 ж. Талас аудандық партия комитетінің бірінші ххатшысы, халық депутаттары аудан кеңесінің төрағасы, аудан әкімі; 1996 жылдан Жамбыл ауданындағы "Шайқорық" өндірістік кооперативінің төрағасы. Марапаттамалары "Құрмет Белгісі" орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марпатталған.Тараз, Жамбыл облысы энциелопедиясы, Алматы, 2003
Дереккөздер
Санат:1934 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Жамбыл облысы) туғандар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақстан КП Талас аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Талас аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Талас ауданының әкімдері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері