Дабыл Жуанышев (22 шілде 1919 ж.т., Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылы - 26 қазан 1994 ж. Тараз) - заңгер. Қысқаша өмірбаяны Жамбыл стансасындағы ФЗО курсын бітірген соң паровоз машинисінің көмекшісі деген мамандық алады. Одан кейін "Халық шаруашылығы" мектебін үздік тәмамдаған соң, Воронеж қаласындағы осы іспеттес училищеге оқуға жіберілды, онда "есепші, экономист, жоспарлаушы" мамандығына ие болады. 1941-46 ж. туған ауылында ұжымшардың есепшісі болып жұмыс істейді. 1943 ж. Алматы заң институтының сырттан оқытатын бөлімінде оқиды, 1946 ж. Жамбыл облысындағы Талас ауданының, 1948-51 ж. Жамбыл қаласындағы 2-ші учаскелік судьясы қызметін атқарады. 1952 ж. басынан мамырдың аяғына дейін Жамбыл облыстық Соты Төрағасының орынбасары, 1952-55 ж. Қызылорда облысының, 1973- 82 ж. зейнетке шыққынға дейін Жамбыл облысы Соттары Төралқасының төрағасы болды. Марапаттамалары 1977 ж. оған "Қазақ КСР-на Еңбек сіңірген Зңгер" атағы берілді. Қазақ КСР Жоғары Сот Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен, бірнеше орден, медальдармен мараптталған.Тараз, Жамбыл Облысы энциклопедиясы, Алматы 2003

Дереккөздер

Санат:22 шілдеде туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Жамбыл облысы) туғандар Санат:26 қазанда қайтыс болғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Таразда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Воронеж халық шаруашылығы училищесі түлектері Санат:Алматы заң институты түлектері Санат:Қазақстан судьялары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген заңгерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері