Сұлушаш Түлекова Нүкенқызы - театр артисті. Сұлушаш 1974 жылы 16-шы желтоқсанда дүниге кеген. 1992 жылы Абай театрының студиясына түсіп, 1994 жылы бітіріп артист ретінде қызметке орналасады. 2001-2005 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетін тәмамдады. Сомдаған рольдері:

У. Ғаджибеков «Аршын-Малалан» - Телли Иран-Ғайып «Адасқан бақ құсы» - Бал қатын Мұхтар Әуезов «Қаракөз» - Каракөз Мұхтар Әуезов «Айман - Шолпан» - Шолпан Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Мәншүк Б. Әлімжанов «Қайран кемпір, шалдар-ай» - Ақсәуле Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Ментай «Кішкентай Мукар» - Жасмин «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Будур С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Маржан Р. Отарбай «Ғасыр қасіреті» - Тоғжан Ш. Мұртаза “Домалақ-ана” – Домалақ-ана Мұхтар Әуезов “Қара Қыпшақ Қобыланды” – Қарлығаш Т. Ахтанов “Күшік күйеу” – Ботка Т. Ахтанов “Махаббат мұңы” – Бәғила О. Бөкей “Желтоқсан желі” – Қымбат С. Балғабаев “Қыз жиырмаға толғанда” – Жібек О. Бодықов “Ғашықтарға сот жоқ” – Қоңырша М. Ибраев “Қалқаман - Мамыр” – Лағыл О. Бодықов “Ит өлім” – Сағым С. Жүнісов “Жаралы гүлдер” – Балшекер Л. Симонова “Қасиетті сөздер” – Қыз Сұлушаш Нүкенқызы ертегілерде Ақшақар, Принцесса, Түлкі, Лақ, Қоян, Тышқан, Тауық, Маймыл рольдерін сомдады. http://teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/tulekova-slushash.html