Мамаев Асылхан Мұхамедиярұлы (09.05.1929 ж.т., Қаратау қ. - 25.09.2003, Алматы) - дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, өнертапқыш. Алматы медицина институтын бітірген (1953).
Еңбек қызметі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында хирург, Ақсу аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерішісі. Одан Алматы медицина институтында, мед училищеде сабақ берді. 1960-65 ж. Алматы облысы Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданынң бас дәрігері, 1965-78 ж. Қазақ КСР Денсаулық сақтау Министрлігі Бас емдеу-профилактика басқармасының бастығы, алқа мүшесі, 1978-81 ж. Қазақстан курорттарын басқару жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы болды. 1981 ж. жаңадн құрылған Ленин ауданының денсаулық сақтау бөліміне қызметке ауысты. 1983 ж. минералды суға негізделген Қалқаман санаторийін қайта жобалаумен шұғылданады. 1988-92 ж. 6-шы қалалық аурухананын, 12-ші емхананың бас дәрігері, 1992-96 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болды, Мамаев күн сәулесімен емдеуді жүзеге асыратын қондырғы ойлап тапқан. Оның өнертабысы бойынша жасалған құрылғылар Италияда (1994), АҚШтағы "Қазақстан-1995" көрмесінде көрсетілді. Марапаттары Екі рет "Құрмет белгісі" орденімен, бірнеше медаль, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Құрмет Грамотасымен марапатталған. Дереккөздер Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003