Тікирек жотасы – Алтай тауларының солтүстік сілемдерінде Ресей (Алтай өлкесі) мен Қазақстан (Глубокое және Шемонаиха аудандары) шекаралары аралығында орналасқан. Чарыш және Үбі өзендерінің суайрығы саналады.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 2299 м. Жер қыртысы негізінен гранитті және эффузивтік тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстігінде жартасты Луковая тауы орналасқан.

Өсімдігі Беткейлерінің төменгі жағында далалық өсімдіктер, 800 м-ден жоғарыда майқарағайдан тұратын таулы тайга; 1800 м биіктіктен бастап альпілік шалғын және биік таулы тундраға алмасады. Қазақстан бөлігінен Үбі өзені бастау алады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан таулары Санат:Ресей таулары Санат:Алтай таулары Санат:Глубокое ауданы таулары Санат:Шемонаиха ауданы таулары