Георгий Басилұлы (Васильевич, Бәзілұлы) Церетели (, 21 қазан 1904, Тианети – 9 қыркүйек 1973, Тбилиси) — ұлты грузин болған кеңестік тіл маманы, семит тілдері мен грузин тілінің зерттеушісі, КСРО ғылым академиясының академигі (1968) және Грузин КСР ғылым академиясының академигі (1946), Грузин КСР-ының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Өмірбаяны 1926 жылы Тбилиси университетін бітірді. 1942 жылдан сонда профессор, 1957-67 жылдары ол Грузия КСР ҒА қоғамдық ғылымдар бөлімшесін басқарды және оның вице - президенті (1967-70) болды. 1960 жылдан Грузия КСР ҒА Шығыстану институтының директоры қызметін атқарды. Церетели еңбектері эпиграфиялық ескерткіштердегі урарту сына жазулары мен арамей жазуларын, классикалық араб тілі мен араб диалектологиясын, грузин өлең құрылсын зерттеуге арналған. 6-7 сайлауда Грузия КСР Жоғары Кеңесінің депутаты.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 74 бет Сыйлықтары Ол екі рет Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған. Дереккөздер

Санат:1904 жылы туғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО тарихшылары Санат:Грузия тұлғалары