Петр Петрович Хузангай (; 22 қаңтар, 1999, Сиктерма, Қазан губерниясы (қазіргі Татарстанның Алькеевск ауданы) – †4 наурыз, 1970, Чебоксары) — чуваш кеңес ақыны. Чуваш АКСР-нің халық ақыны (1950). 1943 жылдан КПСС мүшесі. Шаруа отбасысында туған. Қазандағы Шығыс педагогикалық институтында оқыды (1927-29). Ұлы Отан соғысына қатысты. 1958-60 жылдары Чуваш Жазушылар одағының председателі болды. Еңбектері Шығармалары 1924 жылдан жариялана бастады. 1928 жылы "Дауылдан кейін" тұңғыш өлеңдер жинағы шықты. "Магниттау"(1933), "Таня"(1942), "Антраманның семьясы"(1954), "Ұлы жүрек"(1960) т.б. поэмалары жарық көрді. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы, 12 том, 60 бет
Санат: 1907 жылы туғандар Санат: 1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар Санат:Ұлттары бойынша ақындар