Сілтілік жер металдар — екінші топта орналасқан металдар. Оларға: бериллий, магний, кальций, стронций, барий, радий жатады. Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында екі электрондары болады, оларды оңай беріп жіберіп, өзінің алдында тұрған бекзат газдардан аяқталған электрондық құрылысын қабылдайды.

+ Атомдық нөмеріАтауы, белгіленуіТабиғи изотоптар саныАтомдық массасыИонизация энергиясы, кДж•моль−1Электронға ұқсастығы, кДж•моль−1Электр терістілігіМеталлдық радиусы, нмИондық радиусы, нмtбалқу, °Ctқайнау, °Cρ, г/см³ΔHбалқу, кДж•моль−1ΔHқайнау, кДж•моль−14Бериллий, Be 1+11а9,012182 898,80,191,570,1690,034127829701,84812,2130912Магний,Mg3+19а24,305737,30,321,310,245130,06665011051,7379,2131,820Кальций,Ca5+19а40,078589,40,401,000,2790,09983914841,559,20153,638Стронций,Sr4+35а87,62549,01,510,950,3040,11276913842,549,214456Барий,Ba7+43а137,327502,513,950,890,2510,13472916373,57,6614288Радий,Ra46а226,0254509,3 -0,90,25740,14370017375,5 8,5113

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

Табиғатта таралуы

Биологиялық рөлі Кейбір сілтілік-жер металдар, соның ішінде магний мен кальций адам мен өсімдік өміріне қажетті макроэлемент болып табылады.

Адамдар мен жануарларда Магний сүйек пен тістердің қалыптасуына ықпал етеді, ақуыздар мен көмірсулар алмасуға қатысады, ферменттердің белсенділігін арттырады, фосфор мен энергия айналымына қатысады, жүрек жұмысын ынталандырады.Энциклопедический справочник: Здоровье детей, ISBN 9785901227510, 411-412 беттер

Кальций да сүйек пен тістердің қалыптасуына ықпал етеді, жүрек, бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына қатысады, қанның құрамын жақсартады.

Өсімдіктерде Магний фотосинтезді жүзеге асыратын хлорофилл молекуласының құрамына кіреді. Онсыз жапырақтар сарғаяды.Микроэлементы высших растений, ISBN 9785043091161,90-100 беттер

Кальций катионы темір, калий, магний сияқты маңызды микро және макро элементтердің сіңірілуіне көмектеседі.

Бериллий

thumb|left|40px Бериллий(лат. Beryllіum), Ве — Элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы химиялық. элемент, атомдық нөмірі 4, атомдық массасы 9,0122, жеңіл, ашық сұр түсті металл. Тұрақты бір изотопы (^{9}_{4}Be) бар. 1798 ж. берилл минералынан француз химигі Луи Никола Воклен тапты. Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р. Влер алды. Бериллий алюминийден жеңілірек, тығыздығы 1,816 г/см3(, балқу температурасы 12840С, қайнау температурасы 24500С, химиялық қосылыстарында 2 валентті, беткі қабаты тотығып, қорғауыш қабыршақ түзілетіндіктен ауада өзгермейді. 8000С-тан жоғары температурада қыздырғанда жылдам тотығады; қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.

Магний

thumb|left|40px Магний (лат. Magnesіum) Mg, элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атомдық нөмірі 12, атомдық массасы 24,312. Табиғатта үш изотопы бар: ^{24}_{12}Mg, ^{25}_{12}Mg, ^{26}_{12}Mg. 1808 жылы ағылшын ғалымы Гемфри Дэви (1778 — 1829) ашқан. Жер қыртысындағы масса бойынша мөлшері 2,1%. Ол барлық қосылыстарында екі валентті. Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығыздығы 1,74 г/см3, балқу t 650ӘС, қайнау t 1107ӘС. Ол қорғағыш оксид пленкамен қапталғандықтан, құрғақ ауада 350ӘС-қа дейінгі температурада тотықпайды, бірақ 600 — 650ӘС-та өздігінен тұтанып, жарқырай жанып, магний оксидін (MgO) және аздап нитридін (Mg3N2) түзеді. Құрамында бос оттек (O2) жоқ суық сумен әрекеттеспейді; қайнап жатқан судан сутекті ығыстырады.

Кальций

thumb|left|40px Кальций - IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Атомдық нөмірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы , валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті. Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады. Атомдық нөмірі 20; атомдық массасы 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Гемфри Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б.

Стронций

thumb|left|40px Стронций, (лат. Stroncium) (Sr) - Менделеевтің Периодтық кестесінің 5-ші периодының ІІ-ші негізгі тобындағы химиялық элемент; сілтілік-жер металдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Атомдық нөмірі - 38, атомдық массасы - 87,62. Стронцийдің төрт тұрақты изотоптары бар, көбірек таралғаны ^{88}_{38}Sr (88,56%). Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 3,4*-2%. Табиғатта қосылыс түрінде ғана кездеседі. Маңызды минералдары - целестин (SrSO4) және стронцианит (SrSO3). Аз мөлшерде Стронций адамның ағзасында да табылады. Бірақ оның адам үшін бір белгілі биологиялық маңызы жоқ. Стронций тұздарының шипалық қасиеттері зерттелуде. Сондай-ақ, бүгінгі күнде стронцийдің ранелатының остеопороз ауруын емдеудегі әсері зерттелуде.

Барий

thumb|left|40px Барий (Barium, гр. barys «ауыр») Ba — химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, атомдық нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Сілтілік-жер металдарға жатады. Табиғатта барит (BaSO4) және витерит (BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан. Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық белсенділігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий гидроксидін түзеді. Басқа да көптеген элементтермен реакцияға түсе алады. Қосылыстарда валенттілігі 2+. Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды шамдарда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады.

Радий

thumb|left|40px Радий - химиялық радиоактивті ІІ-топқа жататын, атомдық нөмірі — 88, атомдық массасы 226,0254, құрамында массалық сандары 213-тен 230-ға дейін және жартылай ыдырау кезеңдері 10"3 секундтан бастап. 1600 жылға дейін созылатын изотоптары бар элемент. Массалық саны 226-дан тұратын радий изотопы медициналы, гамма-терапиялы емшаралар жүргізу үшін пайдаланадыХимия: Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б / Алматы: Атамұра,2009.

Дереккөздер

Санат:Химия Санат:Металдар Санат:Химиялық элементтер Санат:Химиялық элементтер топтары