Кедей Конрад () - XVI ғасырдың басында Вюртемберг герцогтығында (Оңтүстік-батыс Германия) жасырын әрекет еткен, 1514 жылы шаруаларды және қалалықтарды көтеріліске бастаған құпия қоғам. Көтеріліс тарихы Көтерілістің шығуына негізінен феодалдық қанаудың күшеюі, алым-салық ауыртпалығы, герцог Ульрих Вюртембергскийдің және оның шенеуніктерінің зорлық-зомбылығы себеп болды. Кейбір қалаларда көтерілісшілер үкіметті басы алды. Бюргерлердің опасыздығы Ульрихтың көтерілісті жаншуын жеңілдетті. Кедей Конрад Германиядағы Реформацияның және шаруалар соғысының (1524-1526) қарсаңындағы аса ірі революциялық толқу болды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Көтерілістер Санат:Германия тарихы