Құрқамыс — Павлодар облысы Шарбақты ауданы, Александров ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті. 2019 жылға дейін қысқартылған Алексеев ауылдық округі құрамында болған.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шарбақтыдан шығысқа қарай 23 км-дей жерде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен350244 141 57,8 121 70 57,9 123 71 57,7
Тарихы Іргесі 1921 жылы Павлодар-Құлынды темір жолын салуға байланысты қаланды. Жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен, мемлекеттік қызметтермен және жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Тұрғындар өзге елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады. Астық қоймасы, автобаза, орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар. Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Шарбақты ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері