Хатай шаһ Исмаил Гейдар оғлы - азербайжан ақыны және мемлекет қайраткері. Еңбек жолы Хатай өлеңді жас кезінен жазған. Ол түркі тілдес халықтар поэзиясынан, көбінесе азербайжан классиктері - Нәсими, Гази Бурханеддин, Хабиби шығармаларынан және халық ауыз әдебиетінен үйренді. Хатайдың "Он хат" және "Насихат кітабы" атты шығармалары азербайжан фольклорымен тығыз байланыста туған эпикалық туынды. Хатай шығармашылығы тек азербайжын әдебиеті ғана емес, түркі тілдес халықтар поэзиясының дамуына көп әсер етті. Оның шығармалары Таяу Шығыстағы көптеген елдерге тарады, европалық елдер тілдеріне аударылды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 11 том
Дереккөздер
Санат:Әзербайжан тұлғалары Санат:Тұлғалар