Илларион Николаевич Певцов (07 желтоқсан 1879, Анатоль (қазіргі Брест облысы) - 25 қазан 1934, Ленинград) — орыс кеңес актері, РСФСР халық артисі (1932).

1902 жылы Мәскеу филармониялық қоғам жанындағы музыка-драма училищесінің актерлік бөлімін бітірді. 1902 - 05 жылы В.Э.Мейерхольд басқарған труаппаларда, одан кейін әр түрлі провинциялық театрларда ойнады. 1922 жылы Мәскеудің Көркем академиялық театрында, 1925 жылдан Ленинградтың академиялық драма театрында қызмет етті. Актер өнернамасының алғашқы кезеңі ойнайтын кейіпкерінің мінез - күйін нәзік бейнелеуімен ерекшеленді.

Таңдаулы рольдері Патша Федор Иоаннович (А.К.Толстойдың осы аттас трагедиясында), Иван Карамазов, Мышкин (Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтары"), Павел I (Мережковскийдің осы аттас пьесасында), Бородин (Афиногеновтың "Қорқынышында") т.б. киноға түскенҚазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,173-174 бет.

Дереккөздер

Санат:1879 жылы туғандар Санат:1934 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей актерлері