Яша Проданович - Югославияның мемлекеттік және саяси қайраткері, тарихшы. Қызмет жолы 1901 ж. Дербес радикалды партияның негізін қаласты. 1903-1920 ж. Скупщина депутаты. 1921 ж. Республикалық демократиялық партияны ұйымдастыруға қатысты. Югославия компартиясын жазалау саясатына қарсы шықты. Өзінің саяси нанымы және респубикалық көзқарасы үшін қуғындалды. 1941-1944 ж. Югославияны неміс фашистері оккупациялаған кезде тұтқында отырды. 1944 ж. босатылғаннан кейін Халық-азаттық майданына қосылды. 1946-1948 ж. Сербия істері жөніндегі министр және Югославия Федерациялық Халық Республикасы үкіметі председателінің орынбасары. Яша - тарихи еңбектердің, серб және орыс әдебиеттері жөніндегі мақалалардың авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:Югославия тұлғалары