Ефим (Евфимий) Васильевич Путятин - орыс мемлкет қайраткері, дипломат, граф, адмирал, генерал-адъютант.
Еңбек жолы Теңіз кадет корпусын бітірді. 1827 ж. Набаринск шайқасына, 1838-1839 ж. Кавказ жағалауында таулықтарға қарсы соғыс қимылдарына қатысты. 1842 ж. Иранға жіберілді. 1852-1855 ж. "Паллада" фрегатында Жапониямен дипломатиялық байланыс жасау миссиясын басқарды, 1855 ж. орыс-жапон шартына қол қойды. 1855-1861 ж. Лондонда, Парижде әскери-теңіз атташесі болды. 1861 ж. оқу министрі; студенттер қозғалысынан кейін отставкаға шықты. 1861 жылдан Мемелекеттік советтің мүшесі. Ұлы Петр шығанағында арал Путятиннің есімімен аталады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:Парижде қайтыс болғандар Санат:Ресей адмиралдары