нобай|оңға|КСРО пошталы конвертіндегі Вилис Лацистің бейнесі Вилис Тенисович Лацис (1904 жыл 12 мамыр, Рига - 1966 жыл 6 ақпан, Рига) - латыш жазушысы, қоғам қайраткері. Латвия КСР-інің халық жазушысы (1947).

Өмірі 1917-1918 жылдары Барнаул мұғалімдер семинариясында оқыды. Әдеби еңбегі 1921 жылдан жариялана бастады. «Қанатсыз құстар» (1931-1933) трилогиясын, «Балықшының баласы» (1933-1934), «Теңізшінің ескі ұясы» (1937), «Жер мен теңіз» (1938) романдарын жазды.

Ол Латвияда Кеңес үкіметі орнатылған (1940) кезеңнен бастап қоғамдық өмірге белсене араласты, шығармашылық зор шабытпен жаңа әдеби шығармалар туғызды. Ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің айтулы шығармаларының бірі болып саналатын «Дауыл» роман-эпопеясын (1945-1948) жазды. Бұдан кейін жарық көрген «Жаңа жағалауға» романында (1950-1951) латыш халқының социализм орнату жолындағы қажырлы күресін шыншылдықпен көрсетті. «Теңіз жағалауындағы ауыл» (1954), «Нөсерден кейін» (1962) романдарында да өмір шындығын жарқын бейнелеген.

1940-1959 жылдар аралығында Латвия КСР Министрлігі Кеңесінің төрағасы. 19, 20 және 22-партия съездерінде КОКП ОК-нің мүшелігіне кандидат болып сайланды. 2-5 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары

Екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 7 рет Ленин орденімен және 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:12 мамырда туғандар Санат:1904 жылы туғандар Санат:Ригада туғандар Санат:6 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1966 жылы қайтыс болғандар Санат:Ригада қайтыс болғандар Санат:Латвия жазушылары Санат:КСРО жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Лесной зиратында жерленгендер Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Латвия ішкі істер министрлері Санат:Латыш КСР үкіметі басшылары Санат:Август Кирхенштейн кабинеті Санат:Латыш КСР халық жазушылары Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары

Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағалары

Санат:Латвия Халықтық Сеймі депутаттары Санат:Латвия драматургтері Санат:КОКП ОК мүшелігіне кандидаттар