Малкеждар Бөкенбаев - Совет Одағының Батыры. Ақтөбе облысының Жұрын ауданында кедей отбасында туған. 1942 ж. маусымда Қызыл Армия қатарына шақырылып, Қызыл Тулы 312-Смоленск атқыштар девизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Лейтенант Малкеждар Бөкенбаев басқарған десантшылар взводы Буг өзенінің бойында болған жекпе-жек айқаста ерлікпен шайқасып, жаудың 102 әскері мен офицерін қолға түсірді. Взвод командирі лейтенант М.Бөкенбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын берілді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж., 448-бет 2 том

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары