Эпифеномен (гр. epi - тұсында, кейін phainomenon - болып табылатын) - феноменнің шылауы, басқа құбылыстарға қоса жүретін, бірақ оларға ешқандай ықпал жасамайтын қосалқы құбылыс; сананы дүниенің материалдық (немесе идеалдық) мазмұнының мүлдем енжар, сондықтан да ешқандай елеулі роль атқармайтын бейнесі деп белгілеу үшін қолданылатын термин. Жаратылыстану ғылыми материализмінің өкілдері (Т. Гексли, Ф. Ле-Дантек) және кейбір идеалист-философтар (Э. Гартман, Ницше,Сантаяна), сондай-ақ бихевиоризмді жақтаушылар қолданады. Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Эпифеномен · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.