Ми́каэл Ри́кфорс (немесе Ма́йкл Ри́кфорс; шведше Mikael Rickfors) — шведтік музыкант, вокалист, бас-гитарист, 1972-1973 жылдардағы аты әйгілі The Hollies британдық рок-группасының мүшесі. Өз өмірінде табысты сольды карьерасын жасады. Өз 10 альбомын шығарды. Соның ішінде 1988 жылы шыққан «Vingar». Ол «Bamboo», «Grymlings», «Mobile Unit» рок-руппаларының құрамында болды.
Дебют. The Hollies Микаэл Рикфорс 4 желтоқсан 1948 жылы Швецияның Стокгольм қаласында дүниеге келген. 1968 жылдан бастап, шведтік Бамбук группасының солисті және бас-гитаристі болды. Екі сингл шығарғаннан кейін, 1970 жылы топ ыдырап кетті. 1972-1973 жылдары Рикфорс әйгілі британдық The Hollies атты рок-группаның мүшесі болды.
The Hollies тобының құрамында Рифкорс Алан Кларктың орнына жұмыс жасады.Солистардың орындауындағы хиттердің бірі «He Ain't Heavy, He's My Brother» болып табылды. Рифкорс балладаларды өте керемет айтты. Оның «Hollies» группасымен жазған ең алғашқы синглі «Baby» британдық чарттардың ішінде 26-орында тұрды және басқа мемлекеттердің чарттарында да алғашқы орындардың бірінде болды.
Көптеген жетістіктер оның «Romany» альбомын жазуға мүмкіншіліктер берді. Микаэл бұған қоса «Magic Woman Touch» және «Don't Leave The Child Alone» топтарының хиттарын айтты.
Дискография
Сольды альбомдар • Mikael Rickfors – 1975
• The Wheel – 1976
• Kickin' a Dream – 1979
• Tender Turns Tuff – 1981
• Rickfors Live – 1981
• Skin Is Thin – 1982
• Blue Fun – 1983
• Hearthunters – 1985
• Rickfors – 1986
• Vingar – 1988
• Judas River – 1991
• Happy Man Don't Kill – 1997
• Greatest Hits – 1999
• Lush Life – 2004
• Away Again – 2009
Группа құрамында
The Hollies • Romany (1972)
• Out on the Road (1973)
Grymlings
Grymlings (1990) • Grymlings vol. 2 (1992)
• Grymlings vol. 3 (2005)
Mobile Unit • Road Songs (2008)
Дереккөздер
Санат:Швеция музыканттары Санат:Швеция әншілері