Артём Иванович Микоян (; туған кездегі есімі Анушаван Ованесович Микоян (); 23 шілде (5 тамыз), Санаин ауылы, Тифлис губерниясы, Ресей империясы — 9 желтоқсан 1970, Мәскеу, КСРО) — кеңес авиаконструкторы, инженер-технарь. 1925 жылда КОКП мүшесі атанды.
Өмірбаяны Еңбек жолын 1923 жылы Дондағы Ростов пен Мәскеудің «Динамо» зауыттарында жұмыс істеуден бастады. 1931 жылы Н.Ж. Жуковский атындағы Әскери-әуе инженерлік академиясына оқуға түсіп, оны 1936 бітірген кейін, авиациялық зауыдта әр түрлі қызметте болды. 1940 жылдан ұшақ жасау жөніндегі тәжірбиелік- констукторлық бюроның бас конструкторы. 1940 жылы Микоянның басшылығыме МнГ-1 истребителі жасалып, оның кемелдірілген түрі (МнГ-3) Ұлы Отан соғысында пайдаланылды.
Микоян КСРО-да реактивтік авиацияның негізін қалаушылардың бірі. Ол дыбыстық таралу жылдамдығынан тез ұшатын ұшақтар жасады. Оның конструкциясы бойынша жасалған Е-206 ұшағымен 1967жылы қазанда тез ұшудан сағатына (2930км және 2910км жылдамдықпен ұшты), ал 1973 жылы шілдеде биіктікке ұшудан (36240 м және 35200 м биіктікке көтерілді) дүние жүзілік рекордтар жасады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Биография на сайте c-bios.com Арлазоров М. С. Артём Микоян. — М. «Молодая гвардия», 1978. — (ЖЗЛ; Вып. 10) Биографические сведения на сайте mccme.ru на сайте historyam.ru Биографическое эссе о Микояне
Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері