Петр Петрович Румянцев - тарихшы, экономист, Қазақстан тарихын зерттеуші. 1890 жылдардан социал-демократ, 1903 жылдан большивик. Еңбек жолы 80 жылдардың басында Тверьде Халық еркіндігі үйірмесіне қатысады. Полиция үйірмені талқандаған соң Ақмолаға жер аударылды. Сол кезде М.И.Брусневтің тобымен байланыс жасаған. 1890 ж. ауылдық қозғалысқа қатысады. РСДЖП 3-съезінің делегаты. 1905 ж. маусымда РСДЖП-нің Воронеж комитетінің атынан ОК-тің Орыс бюросы құрамына кірді. 1905-07 жылдардағы революция кезінде большевиктер жағында партиялық жұмыс жүргізді. РСДЖП 6-съезінде В.И.Лениннің аграрлық мәселе жөніндегі баяндамасын қолдады. Реакция жылдарында большевиктерден алшақтады. Одан кейінгі жылдары Жетісудағы қазақ, қырғыз, орыс және ұйғыр халықтары арасына шыққан экспедицияны басқарды. Бұл материалдар Петербургте сегіз том болып жарық көрді.Қазақтар. 7-том. 94-бет "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003 Зерттеуі Петрдің зерттеу тақырыбы қазақ хандықтары құрылған кезден бастап, 20 ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақтардың тарихы болды. Ол қазақ шаруаларын кедей шаруа, орта шаруа, бай шаруа деп үш топқа бөлді. Петрдің қазақ қауымы жөніндегі зерттеулері, ол басқарған экспедицияның материалдары қазақ тарихында құндылығын жойған жоқҚазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары