Тұщықұдық (2008 ж. дейін – ЧапаевоИсатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің Чапаев ауылын Тұщықұдық ауылы деп қайта атау туралы) — Атырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Тұщықұдық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде.
Халқы 1989 жылы елді мекенде 3480 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том
1999 жылы тұрғындар саны 3600 адам (1830 ер адам және 1770 әйел адам) болса,
2009 жылы 4108 адамды (2092 ер адам және 2016 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4683 адамды (2440 ер адам және 2243 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
2025 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4779 адамды (2490 ер адам және 2289 әйел адам) құрады. Ал Тұщықұдық округі бойынша 5304 адамды (2774 ер адам және 2529 әйел адам) құрады
Елді мекендегі көшелер Ғатау Рамазанов, Оңайбай Нағиев, Жұмабай Мырзағалиев, Хұсынеден Пазылұлы, Абдолла Құрманов, Әзіржан Қаражанов, Сидеғали Нұрманұлы, Абай Құанбаев, Ізғали Сембаев, Амангелді Иманов, Мұхиден Ғалиев, Бақсай, Аққыстау, Атамекен, Болашақ, Барлаушы, Мұнайшы, Бірлік ту, Күнбатыс, Егеменді Қазақстан, Болат жол, Ақжол, Нарын, Айтан Смағұлов, Шамшиден Шәріпов, Чапаев, Жамбыл Жабаев, Тастан Башпанов, Қапизолла Каримов, Хатима Дайырова, Тасарал, Әжігерей Қалимов, Тілеген Шайхимов, Едіге Мамаев, Бәйтерек көшелері. Әлеуметтік және мәдени нысандары Ауыл тұрғындары газбен, сумен толықтай қамтылған. Ауыл орталығында 1 орта, 1 бастауыш мектеп, 1 балабақша, мәдениет үйі, емхана, 2 кітапхана, т.б. әлеуметтік нысандар халыққа қызмет жасайды. Мектептер Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектеп — 1918 жылы Бегайдар ауылында бастауыш мектеп болып ашылған. 1939 жылдың тамыз айына дейін Бегайдар орталау мектебі аталып келсе, осы оқу жылынан бастап М.Горький атындағы орталау мектебі деп аталды. 1944 жылғы қыркүйек айында М. Горький атындағы 7 жылдық мектебі, ал 1947 жылдың тамыз айынан бастап М.Горький атындағы орта мектебі аталған. 1948 жылы жазда мектеп Тұщықұдық ауылына көшіріліп, Бабаннан көшірілген Сталин орта мектебімен қосылды. 1957 жылы бірнеше ұсақ ұжымшарлар біріктіріліп, Чапаев атындағы кеңшар құрылғанда Тұщықұдық аталған ауылдық кеңестің орталығына айналған Чапаев (ол кезде Аққыстау деп аталды) селосына көшірілді. Осы жердегі Чапаев атындағы жеті жылдық мектебі және ауылдық Кеңеске қарайтын Есіркеп елді мекеніндегі Папанин жеті жылдық мектебі біріктіріліп М.Горький атындағы орта мектебі деп аталды. 1986 жылы мектеп 640 оқушыға арналған үш қатарлы ғимаратқа көшіріліп орналасты. 1992 жылы тамыз айында ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы Ж.Мырзағалиев есімі берілді.Нарын өңіріндегі алғашқы мектеп"Жұмабай Мырзағалиев атындағы ОМ" ММ Жамбыл атындағы бастауыш мектеп — 2001 жылы жаңа ғимарат салынып жалпы білім беретін бастауыш мектеп болып құрылды. 2019 жылдың 24 қаңтарында Чапаев бастауыш мектебіне Жамбыл есімі берілді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2023 жылы ақпан айында қолданысқа берілді. Спорт кешенінің бірінші қабатында үлкен ойын залы болса, ал екінші қабатындағы жаттығу бөлмесі түрлі спорт жабдықтарымен жасақталған. Кешеннің қасында кіші футбол алаңы да бар.Тұщықұдықтағы тұңғыш кешен
Мектепке дейінгі балалар мекемесі «Құлыншақ» бөбекжай-балабақшасы — Типтік 2 қабатты, жылпы көлемі 4890 ш.м., жер көлемі 1110 ш.м. 8 топта 205 бала тәрбиеленіп, бақшада 24 педагог еңбек етуде.
Дереккөздер
Санат:Исатай ауданы елді мекендері