Төребай Ақжолұлы Ақбозов (10.8.1910, Әулиеата уезі, Ботамаймақ ауылы – 25.8.1973, Тараз қаласы) – қоғам қайраткері.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Шымкент қаласындағы агрономдар даярлайтын курста оқып шығып, 1931 жылы Алматыдағы а. ш. институтына түсті. 1935 – 51 жылы қазіргі Байзақ ауданында агроном, аудыны жер бөлімінің меңгерушісі, МТС директоры, 1951 – 56 жылы Шу ауданы атқару к-тінің төрағасы, Жамбыл ауданы партия к-тінің 1-хатшысы, 1962 – 65 жылы Талас аймақтық а. ш. басқармасының бастығы, 1965 – 71 жылы Жамбыл облысы а. ш. басқармасының бастығы болды. 1954 жылы КСРО Жоғ. Кеңесінің, 1963 жылы Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер: Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары