Қосүйеңкі — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қосүйеңкі ауылдық округі орталығы.
Халқы Тұрғыны 940 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434054100.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 34 км-дей жерде, Қаратау жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан.
Тарихы Ауыл 1957-94 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Бірлік» кеңшарының бөлімшесі болған. Кейін оның негізінде Қосүйеңкіде бірнеше шаруа қожалықтары құрылғанҚазақ энциклопедиясы, III том 12 тарау
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері