Дакота Майи Джонсон (ағылш. Dakota Mayi Johnson ; 1989 жыл 4 қазан) – америкалық актриса әрі модель.
Ерте өмірі Дакота Джонсон актер Дон Джонсон мен Мелани Гриффит отбасысында, Остин, АҚШ, 4 қазан 1989 жылы туылды. Ол актриса Типпи Хедреннің немересі болып табылады. Ата-анасы ажырасқаннан кейін, Антонио Бандерас оның өгей әкесі болды.
Дакота Джонсон «Aspen Community School» мектебінде оқыды.
Модель бизнесіне тұңғыш рет 12 жасында қызығушылықты танытты. Осы кезде ол басқа да әйгілі адамдардың балаларымен бірге Teen VOGUE журналының фото түсіріліміне қатысты.
Мансабы 1999 жылы ол кішігірім рөлмен «Ережесіз әйел» фильмінде сынапқа шақты . Осы жерде оның әпкесі Стелла Бандерас та ойнапты . Олар басты әйел кейіпкердің қаздарын ойнады . Олардың анасы – Мелани Гриффит осы басты рөлді ойнаса, Антонио Бандерас фильмнің режиссері болды.
2006 жылы ол Мисс «Алтын Глобус» атағына ие болды. Бұл мәртебе әйгілі адамдардың балаларына беріледі.
2006 жылы Дакота IMG Models-пен келісімшартқа қол қояды. 2009 жылы болса, Дакота модель ретінде Mango бірлестігінің джинс желісіне қатысады.
Орта мектепті бітіріп ол William Morris Agency-мен келісімшарт орнатып, актерлік мансабын бастайды. 2010 жылы түсірілген «Әлеуметтік желі» оның тұңғыш фильмі болды. Фильм Оскардың 8 номинациясына ие болды, осының ішінде үздік фильм.
2012 жылы Дакота Э.Л.Джеймстің «Сұрдың елу реңкі» бестселлерінің экрандауындағы Анастейша Стил рөліне ие болды.
Жеке өмірі Дакота актер Джордан Мастерсонмен кездесіп, 2014 жылы онымен айырылысады. Шамамен 2014 жылдың көктемінен бастап Дакота музыкант әрі модель Мэттью Хитпен кездеседі, бірақ 2015 жылдың қаңтар айында Дакота Мэтьюмен де айырылысады.
Фильмография +ЖылыҚазақша атауыШынайы атауыРөлі1999Ережесіз әйелCrazy in AlabamaСондра2010 Әлеуметтік желі The Social NetworkАмелия Риттер2010 Жылтырағанның бәріAll That GlittersДианция2011Қорқынышты сұлуBeastlyСлоан Хаген2012 Эллен үшінFor EllenКинди2012ЕшкілерGoatsМинни2012Джамп көшесі, 2121 Jump StreetФьюгэзи2012Кішкене үйленгенThe Five-Year Engagement Одри2012—2013Бен мен КейтBen and KateКейт Фокс2013Кеңсе The OfficeДакота2014Менің досым – гейDate and SwitchЭм2014Жылдамдыққа аңсауNeed for SpeedАнита2015Сұрдың елу реңкі Fifty Shades of Grey Анастейша Стил2015ЦимбелинCymbelineИмоджен2015Хлоя мен ТеоChloe and TheoХлоя2015Қара салмақBlack MassЛиндси Кир2015Үлкен шалпA bigger splashПенелопа2016Қалай жалғыз болу керекHow to Be SingleЭлис2016Елу реңге қараңғылауFifty Shades DarkerАнастейша Стил2017Бостандықтың елу реңіFifty Shades of Freed Анастейша Грей Санат:АҚШ модельдері