Антониу ди Оливейра Салазар ( ; 28 сәуір 1889 ж., Вимиейру, Санта-Комба-Дан, Бейра-Алта — 27 шілде 1970 ж., Лиссабон,) — португал мемлекеттік және саяси қайраткері, Министірлер Кеңесінің төрағасы 5 шілде 1932 — 27 қыркүйек 1968, уақытша Португалия президентінің міндетін атұарушысы 18 сәуір - 9 тамыз 1951, Коимбр университетінің профессоры. 1940 ж. Life журналы Салазарды «Генрих теңізшінің уақытынан бергі ұлы португалшы» деп атаған.«Portugal: The War Has Made It Europe’s Front Door», Life Magazine, шілде 29, 1940..
Иезиут мектебін, Коимбр университетінің экономика факультетін бітірген. Католиктік орталық партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1921 ж. осы партиядан парламент депутаты. 1928-40 ж. финанс министрі; 1930 ж. отарлар министрі, 1932-68 ж. Мин. Советінің председателі және іс жүзінде Португалия диктаторы. 1936-44 ж. әскери министр және 1936 - 47 ж. сыртқы істер министрі болды. 1930 ж. Ұлттық одақ фашистік партиясының негізін салды, 1933 ж. конститутцияны дайындауға қатысты. 1968 ж. науқастығына байланысты мемлекеттік қызметтен қол үзді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том
Дереккөздер
Санат:Португалия тұлғалары Санат:Португалия экономисттері Санат:Португалия саясаткерлері Санат:Португалия педагогтары Санат:Португалия қаржы министрлері Санат:Португалия сыртқы істер министрлері Санат:Португалия премьер-министрлері