Қайшылықсыздық заңы — бірін-бірі теріске шығаратын екі сөйлемнің бір мезгілді бірдей шынайы бола алмайтындығын көрсететін логиканың заңы.

Математикалық жазылуы:

бұл жерде:  — конъюнкция белгісі,  — терістеу белгісі.

Қайшылықсыздық заңының алғашқы тұжырымдамасын Аристотель жасады. Қайшылықсыздық заңын былай деп те тұжырымдауға болады: сөйлем бір мезгілде шынайы да, жалған да бола алмайды. Формальды қайшылықтардың ой-пікірге немесе ғылыми теорияға енуі оларды негізсіз қайшылықтарға айналдырады. Кайшылықсыздық заңын объектілерден, объектінің өзгерісінен назарды басқа жаққа аударсақ, оның бір мезгілде бірін-бірі жоққа шығаратын қасиеттерге ие бола алмайтыны туралы фактінің ойлау жүйесінен көрініс табуы болып табылады.Философиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6

Дереккөздер

Санат:Логика Санат:Математикалық логика