ГЕРМЕТИЗМ - көне діни-философиялық ілім. Әдетте оны Гермес Трисмегистің (яғни "Үш мәрте данышпанның") есімімен байланыстрады. Қазіргі ғылым тұрғысынан алғанда Герметизм - эллинизм мен кейінгі заманның перзенті. Ұзақ уақыт бойы ол құпия ("саңлаусыз") сипатта болып, хабардар адамдардың шағын тобы ғана уағыздады. Герметизмнің негізгі ілімі "Бітеу корпустың" екі кітабында және басқа да кейбір текстерде (мәс. "Асыл тасты тақтада") баяндалған. Герметизм доктрина формасында ғана емес, сондай-ақ "герметизм өнерлері" дейтіндер - алхимия, астрология, сиқыр өнері формасында да орын алды. Ресми католик діні Герметизмді қудалады, алайда Қайта өркендеу тұсында ол кеңінен тарап, тіпті Жаңа заман ғылымын қалыптастыруға ықпал етті. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Герметизм · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.