Қараүңгір – Зайсан алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км, су жиналатын алабы 566 км2.
Бастауы Бастауын Сауыр жотасындағы Мұзтау мұздықтарынан алып, Кендірлік өзеніне құяды. Сындырма, Обалы, Дарияөзек, т.б. салалары бар.
Гидрологиясы Көктемде еріген қар суымен арнасынан тасиды. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді. Аңғарында Байқазақ, Күйгенқора, Үңгіртас қыстаулары бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Зайсан су алабы Санат:Зайсан ауданы өзендері