Қаратастау – Нарын жотасының оңтүстік-шығысындағы таулар.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарытау ауылының солтүстік-шығысында орналасқан. Күршім өзенінің салалары Озерная мен Брусовая өзендерінің суайрығында. Ең биік жері шамамен 1900-2000 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылған, енді жері 10-11 км.

Жер бедері Беткейлері көлбеу, түпкі жыныстары жалаңаштанған шоқылардан тұрады. Беткейі өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстігінде Шұбаршілік, шығысында Бойнала, оңтүстігінде Сарытау, батысында Қаңсар таулары орналасқан.

Өсімдігі Тау беткейінде көк терек, қайың, қарағай, етегінде жусан, боз, бұта өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары