Әзірбайжан мемлекеттік академикалық ұлттық драма театры, (бұрыңғы атауы - М. Азизбеков атындағы мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту Орденді академиялық драма театры) – Бакудегі академикалық драма театры. Театрдің ғимаратының алдына Физулиға ескерткіш орнатылған.

Театр 1919 жылы негізделген. 1922 жылы 17 қарашада Ахундовтың «Гаджи Қара» пьесасымен тұңғыш рет шымылдық ашты. Әзірбайжан театрына 75 жыл толуына байланысты 1949 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Театр репертуарында ұлттық пьессалармен қатар дүние жүзі және орыс классикалық драматургиясының туындылары да бар. Театр репертуарында Джафар Джаббраланың, Мирза Фатали Ахундовтың, Али бек Гусейнзаденің, Наджаф бек Везировтың, Гусейн Джавидтың, Сабит Рахманның, Нариман Наримановтың, Ильяс Эфендиевтің сонымен қатарәлем классиктердің: Шекспир, Шиллер, Мольер, Александр Дюма, Виктор Гюго, Оноре де Бальзака, Александр СергеевичПушкинның, Михаио Юрьевич Лермонтовтың, Лев Николаевич Толстойдың, Николай Васильевич Гогольдің шығармалары бойынша қойылымдар болған. Театр өнерінің дамуына үлес қосқан актерлер: А. М. Шарифзаде, Ульви Раджаб, КСРО халық артисттері А. Алекперов, М. А. Алиев, Сидги Рухулла, М. Давудова; Азерб. ССР халық артисттері Р. Афганлы, М. Марданов т. б. Бас режиссері – Азерб. ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Т. Кязимов.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Труппа Қазіргі артисттер Халық артисттер Евгения Оленская Нуреддин Гулиев Шукюфа Юсупова Бести Бекирова Фирангиз Муталлимова Рафаэль Дадашев Ильхам Алескеров Зарнигяр Агакишиева т.б.

Еңбегі сіңген артисттер

Алескер Мамедоглу Сабир Мамедов Джафар Намиг Кямал Садиг Иманов Саида Гулиева Парвиз Багиров т.б.

Бас режиссёр

Мерахим Фарзалибеков Қайтыс болғандар Сиявуш Аслан Севиль Халилова Яшар Нури Тельман Адыгёзалов Хафиз Фатуллаев

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ресми веб-сайт

Санат:Әзербайжан өнері Санат:Баку театрлары Санат:Баку