Дмитрий Сергеевич Аничков (1733, Троице-Сергиевск — 1788, Мәскеу) — орыс ағартушысы, философы, логигі және математигі, Мәскеу университетінің профессоры. «Натуралдық құдайға құлшылық етудің басталуы және шығу тегі туралы натуралдық дін іліміне сүйеніп пайымдау» деген диссертациясы арқылы танымал болды (1769). Бұл диссертация шіркеу қызметшілерінің ашу-ызасын тұғызып, өкімет орындары тарапынан құғындауға ұшырады. Діни сезімнің туабітті пайда болатындығы туралы Дін ілімінің қағидаларына ол діннің "табиғи түрде" пайда болатындығы туралы көзқарасты қарама-қарсы қойды. Тіл мен ойлаудың арақатынасы, философиялық және ғылыми ұғымдардың шығұ тегі мен эволюциясы проблемаларын зерттеді. Декарт пен Лейбництің туабітті пайда болатын сенім идеяларын теориясын сынады, материалистік сенсуализм көзқарасын дамытты. Онтологияда деизм айқындамаларында тұрдыФилософиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6.

Дереккөздер

Санат:1933 жылы туғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей философтары