Розенталь Марк Моисеевич (19. 2. 1906 — 2. 2. 1975) — кеңес философы, профессор (1940), философиялық ғылыми докторы (1946). 1925 жылдан КОКП мүшесі. РКФСР-дің еңбек сің. ғылым қайраткері (1966). 1933 ж. Қызыл профессура институтын бітірді. 1933 жылдан ғылымизерттеушілік жұмысымен шұғылданып, сабақ. берді. 1946 жылдан КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында істеді. 1953—58 ж. «Вопросы философии» журналы жауапты редакторының орынбасары. 1966 жылдан КСРО ҒА Философиялық институты диалекттік материализм секторының меңгерушісі. Розенталь диалект. материализм, әсіресе диалект. логика, эстетика және филос. тарихы мәселелерімен шұғылданды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Марк Розенталь Моисеевич · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.