Фотосуреттің тарихы ІV және V ғасырларда бастау алуы мүмкін, өйткені қытай философы Мо Ди мен грек философы Аристотельдің суреттеп жазған камера-обскураны қолдануы осыны куәландырады. Келесі ғасырда византиялық математик Антемий Тралльский камера-обскураны өз зерттеулерінде пайдаланды. Камера-обскура термині қараңғы бөлме деген ұғымды білдіреді. Бұл ежелгі прототиптің қарапайым түрде қолданылуы қазіргі заманғы камераларды жасаудың маңызды қадамы болды. ХІХ ғасыр бойы түрлі түсті фотосуреттің мүмкіндіктері зерттелді. Әйтсе де проекцияланған уақытша суреттер орнықты түрлі түсті суреттерге қарағанда ежелгі кездегі тәжірибелерге көп дәрежеде қызмет етті. 1861 жылы Джеймс Клерк Максвелл бірінші болып торлы таспаның орнықты суретін алды. Түрлі түсті фотосуреттерді алу үшін пайдаланылған алғашқы «автохром» фотопластинасы 1907 жылға дейін нарыққа шығарылған жоқ.

Санат:Фотография тарихы Санат:Технология тарихы