Нарқайсарлар тұқымдасыҚазақ Энциклопедиясы, 6 том () – еріндігүлділер қатарына жататын ағаш, жартылай бұта, кейде шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде 100-ден аса туысы, 3 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы орманды және далалы аймақтарда ылғалды жерлерде өсетін 1 туысы (нарқайсар), 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – дәрілік нарқайсар (V. offіcіnalіs). Оның биікт. 30 – 70 см. Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы шоқтана орналасқан. Аталығы 4 (5), аналығы бір кейде екі жеміс жапырақшасынан тұрады. Ұсақ көгілдір, ақшыл көк түсті гүлдері ұзынша, жіңішке масақ гүлшоғырына топталып өседі. Мамыр –маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Құрамында улы вербеналин, сондай-ақ аденозин және алкалоидтар, дәнінде глюкозид бар. Халық медицинасында безгек, бас ауруларын емдеуге пайдаланады. Қияр тұздағанда тамырын ерекше дәм беру үшін қолданады.

Дереккөздер

Санат:Вербеналықтар