Калифорния университеті, Беркли () — көпшілік зерттеу университеті, АҚШтың, Калифорния штаты Беркли қаласында орналасқан. Калифорния университетінің 10 кампусының ең көнесі . 2013 жылы «Ұлттық университеттер» рейтингісінде (U.S. News & World Report басылымы) 20-ы позицияны ұстады, сонымен қатар білім берру программалары бойынша елдегі ең үздіктер қатарына енеді. 2013 жылы Times Higher Education рейтингіснде Беркли Калифорния университеті әлем университеттері арасында 5 орынға тұрақтады.

Университет компьютер және IT технологиялар, экономика, физика салалары әлемге әйгілі. Беркли физикасы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін сутегі бомбасын жасап шығуда, жалпы атом бомбасын жасауда басты рөл атқарды. Беркли ғалымдары циклотрон ойлап тауып, антипротонды зерттеді, лазерді жасап шығуда басты рөл ойнады, фотосинтез процессінің негізін түсіндіріп берді, көптеген химиялық элементтерді ашты, оларды айта кететін болсақ, сиборгий, плутоний, берклий, лоуренсий және калифорний. Дәл Беркли ең бірінші BSD ( және BSD лицензиясын) операциялық жүйесін алды.

Беркли өзінің тарихында студенттік активизмімен белгілі. Біршама белгілі акциялары: 1964 жылғы Сөз бостандығы қозғалысы — протест акциясы, университеттің саяси памфлеттерді таратушыларды кампустан қууға тапсырма берген кезден басталған және Ұлттық парктегі бас көтеру 1968 жылы, шетелдік студенттердің қарсылық акциясын өткізген кезде басталған, 1960 жылдары орын алған «хиппи» мәдениетімен тікелей байланысты. Алайда студенттік активизмдерге және бас бұзарлыққа қарамастан, Беркли кампусы көптеген жасыл бұрыштарымен және ғимараттарымен, оларлың жақсы сақталған архитектурасымен танымал.

Тарихы thumb|left|350px|Университеттің сақталған алғашқы ғимараттарының бірі, South Hall (1873)

Университет құрылымы

Ректорлары thumb|300px|right| Мемориал Глейд жақтан көрінісі Ректордың лауазымы 1952 жылы бекітілген, Калифорния Университетін қайта жасақтау кезінде іске асты, сол уақыттан бері он ректор (және бір ректордың лауазымын атқарушы):

Кларк Керр (1952—1958) Гленн Сиборг (1958—1961) Эдвард Стронг (1961—1965) Мартин Меерсон (1965, acting) Роджер Гейнс (1965—1971) Албюерт Бовкер (1971—1980) Ира Майкл Хейман (1980—1990) Чанг-Ли Тиен (1990—1997) Роберт Бердал (1997—2004) Роберт Биржено (2004—2013) (2013 жылдан — осы уақытта.)

Бөлімшелері thumb|right|200px|Хааса Бизнес Мектебі 130 факультетте 14 колледж және мектептер ұйымдастырылған. («Колледждер» студенттер және магистранттар үшін, ал «мектептер» аспирант, магистранттар үшін, жекелей алғанда Бизнес мектебінде): Хааса Бизнес Мектебі Колледж химии Педагогика мектебі Инженерлік колледжі Ішкі дизайн Колледжі Журналистики мектебі Боалт атындағы заң мектебі Ақпараттық технологиялар мектебі Әдебиет және ғылым Колледж Табиғи ресурстар Колледжі Оптометрия мектебі Денсаулық сақтау мектебі Голдман атындағы мемлекеттік саясат мектебі Қоғамдық қорғау мектебі

Сонымен қоса, университетте Лоуренс Ұлттық лабараториясы жұмыс істейді.

Астрономияда Университет құрметіне астероид аталған, ол 1911 жылы ашылған.

Статистикасы 2013 жылғы дерек бойынша:

Абитуриенттердің саны: 50 312 адам, оның 25,6 % сы түскен. Студенттер саны: 35 899 Бакалавр: 25 774 Магистрлер және докторанттар: 10 125

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер www.berkeley.edu

Санат:Калифорния университетінің жүйесі Санат:1868 жылы құрылған оқу орындары