Қарашоқы – Доңызтау кемерінің солтүстігіндегі төбе.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Дияр ауылының оңтүстік-шығысында 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 50 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Сарыбай, Теріскен, батысында Сарықұм құмдары, шығысында Елдіжан-Қарашоқы төбесі бар.
Өсімдігі Сортаңды топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы таулары