Кириченко Михаил Михайлович – 1923 жылы 28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданы Лавровка селосында туған. 1941 жылы Алматының жаяу әскерлер училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың тамызынан қатысқан. І Белорус майданы 8 ­гвардия Әскеріның батальон командирінің орынбасары гвардия капитаны Кириченко 1944 жылы 1 тамызда Висла өзенінен өту үшін жаудың үлкен күшімен шайқасқа түсті. Төрт сағатқа созылған ұрыста Кириченконың отряды карсыластарының қорғанысын бұзып, Руда­-Тарновска, Вулька­-Тарновска (Польша) елді мекендерін басып алды. Осындай қолайлы плацдармды басып алған Кириченко біздің әскерлердің Висла өзені арқылы өтуге жағдай жасады. Осы күндері ол үкімет наградасына ұсынылған болатын. Бірақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы тек 1991 жылдың 5 мамырында шықты. Михаил Михайлович Кириченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін батыр армиядағы қызметін жалғастырды.1945 жылы офицерлер құрамын жетілдіру курсын бітірді. 1955 жылдан майор Кириченко запаста болды. Мәскеу қаласында тұрды. «Главмосавтотранстың» автожолдар басқармасында аға инженер болып істеді. Екі рет Ленин, екі рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды. Харьков облысындағы Изюм қаласының Құрметті азаматы. 1994 жылдың 8 мамырында қайтыс болған.

Дереккөздер Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1923 жылы туғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар