Каммон бұғазы – Жапонияның Хонсю және Кюсю аралдарының аралығындағы бұғаз. Ішкі Жапон (Сето-Найкай) және Жапон теңіздерін бірінен соң бірін жалғастырады. Ұзындығы 28 километр, енсіз жері 1,8 километр, фарватеріндегі тереңдігі 10 метр. Жағалауында Симоносеки, Модзи, Вакамацу, Кокура сияқты порттар орналасқан. Модзи мен Симоносеки аралығында 2 туннель (темір жол ұзындығы 3,6 километр және автомобиль жолы ұзындығы 3,45 километр) қазылған.

Санат:Жапония бұғаздары