Сергеева Валентина Фроловна (10.02.1910 жылы туған, Москва қаласында) – қазақстандық физик-химик; ғылым докторы (1966), профессор (1968). 1940 жылдан КОКП мүшесі. Москва мемлекеттік университетін бітірген (1935). 1937 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика-химия кафедрасында ассистен, аға мұғалім, доцент, 1968 жылдан профессор болып қызмет істеді. Сергееваның 80-нен астам ғылыми еңбектері жарияланды. Олардың көбі ерітінділер теориясына қатысты үш компонентті сұйықтар жүйесіндегі аралас еріткіште еритін заттардың тепе-теңдігін зерттеуге арналған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев