I Мария немесе Мария Стюарт (, ; 8 желтоқсан 1542 – 8 ақпан 1587) — 1542 жылғы 14 желтоқсаннан 1567 жылғы 24 шілдеге дейін билік еткен Шотландия патшайымы. 1558 жылы француздық дофин II Франсуаға тұрмысқа шықты. 1559–1560 жылдары Франция патшайым-консорты болды.

Балалық шағы Мария Стюарт — Шотландия королі V Джеймс мен Франция ханшайымы Мария де Гиздің қызы. Марияның анасы бұрын қалыптасып келе жатқан Stewart-тың орнына французданған Stuart жазылу нұсқасын енгізді.

Мария 1542 жылғы 8 желтоқсанда Лотиандағы Линлитгоу сарайында дүниеге келді. 6 күн өткен соң шотландықтардың Солуэй-Моссе түбіндегі шайқастағы жеңілісі мен 2 ұлынан айырылуына байланысты әкесі патша V Джеймс қайтыс болады. Мариядан басқа заңды баласы болмағандықтан, Стюарттар әулетінен шыққан Шотландияның 1-патшасы Роберттен тарайтын тікелей еркек ұрпақ болмауына байланысты, Мария Стюарт Шотландияның патшайымы болып жарияланды.

Марияның жақын туысы және оның мұрагері, Джеймс Гамильтон, 2-Арран графы кәмелет жасына толмаған патшайымның регенті болып тағайындалады. Шотландияға ақсүйек-эмигранттар яғни Англиямен бірігуді жақтайтындар, француз саясатын насихаттауына байланысты V Джеймстің кезінде қуғындалған немесе қашқандар қайта оралды. Олардың қолдауымен регент қаңтар айының соңында 1543 жылы ағылшындарға ұқсас үкімет құрып, протестанттарды қудалауды тоқтатып, ағылшындардың тақ мұрагері мен жас патшайымын атастыру жайлы келіссөз жүргізе бастады. Бұл келіссөзде Гринвичтегі шарттарға қол қойылып,1543 жылғы шілдеде аяқталды. Осыған сәйкес келешекте бұл екі мемлекет — Шотландия мен Англия бір корольдік әулиеттің билігінде біріктірілуі үшін Мария Англия королі VIII Генрихтің ұлы Эдвардқа тұрмысқа шығуы тиіс болды. Осы уақытта 1543 жылғы 9 қыркүйекте Мария Стюарт Стерлинг қамалында Шотландия тағына отырғызылды.

Англиямен соғыс 150px|нобай|солға|Жас кезіндегі Мария Стюарт. Суретші Франсуа Клуэ, шам. 1555-1559 ж. Француз әскерлері Шотландияға 1547 жылы келіп, протестанттарды Сент-Эндрюсадан қуып шықты. Ағылшын әскері жауап ретінде тағы да ағылшын-шотланд шекараны басып өтіп, Пинки түбіндегі шайқасты 1547 жылғы қыркүйекте күйрете жеңді. Ағылшындар Лотиана мен Ферт-оф-Тей жағалауындағы негізгі бекіністерді басып алып, Шотландия мемлекетінің аса маңызды бөлігін өзіне қаратып алды. Мария де Гиз өз қызын Дамбартон қамалында жасыруға мәжбүр болды. Осы уақытта Франция тағына Англиямен күресті жақтайтын II Генрих келді. Оның ұсынысы бойынша 1548 жылғы 7 тамызда Мария Стюарт пен дофин Франсуаны атастыру жайлы шартқа қол қойылды. Шотландияға 1550 жылдың аяғында ағылшындарды елден ығыстырып шығарған француз әскері кіргізілді. 1548 жылғы 7 тамызда 5 жасқа толған Мария Стюарт Францияға кетіп қалды.

Франциядағы өмірі 150px|нобай|солға|Мэри мен Фрэнсис Кэтрин де Медичидің сағаттар кітабында, шамамен 1574. Францияның ұлттық библиотекасы, Париж. 1548 жылғы 13 тамызда жас Мариямен шағын нөкерлері, қандас бауыры Морей графы және "төрт Мариямен", аттары Мария болған төрт жас Шотландия ақсүйектердің қыздары (Битон, Ливинстон, Сетон мен Флеминг отбасылары) бірге Францияға келді. Еуропадағы ең жарқын сарай — француз сарайы сән-салтанатпен жас келінді қарсы алды. Патша Генри II Мария Стюартты өз қызындай көрді және ең жоғарғы біліммен қамтамасыз етті. Жас патшайым антикалық және заманауи авторлардың шығармаларын оқып, фрацуз, испан, итальян, ежелгі грек пен латын тілдерін үйренді. Ол тағы да ән айтуды, лютняда ойнауды меңгеріп, поэзия мен аңшылықты ұнатты. Француз сарайына Мария тәнті болды, оған Лопе де Вега, Брантом, Ронсар өлең арнады. 1550 жылы Францияға шотланд-француз одағын нығайтумен айналысып жүрген патшайымның анасы — Мария де Гиз келді. Бірақ, ол өз балаларымен ұзақ уақыт қала алмай, діни даумен бөлінген елде қызына тұрақты билікті қамтамасыз ету үшін 1551 жылы Шотландияға қайтты. 1554 жылы Мария де Гиз Аррана графын биліктен алыстатып, Шотландия үкіметін өзі басшылық етті.

Мария де Гиздің регенттігі Мария де Гиздің елді басқаруы Шотландияда француз ықпалының күшеюімен есте қалды. Француз әскері шотландық бекіністерде орналастырылды, корольдік әкімшілікте француз келімсіктері басым болды. 1558 жылғы 24 сәуірде Париждік Құдай ана соборында Мария Стюарт пен дофин Франсуаның тойы өтті. Некелік шарттың құпия ұсынысы бойынша патшайым бұл некеден бала тумаған жағдайда Шотландияны Францияға береді. Көпшілік шотландық ақсүйектер арасында бұл саясат наразылық тудырмай қоймады. Бұл уақытта протестантизмнің таралуы шотландық қауымда түбегейлі алауыздық туғызды. 1558 жылдың аяғында Англия тағына I Елизабет келіп, шотландық протестанттарға қолдау көрсете бастауымен жағдай ушығып кетті. Римдік Католикалық шіркеудің канондық құқығы бойынша I Елизабет некесіз туылған бала ретінде есептелінді, Англия патшасы VII Генрих Тюдорға Мария Стюарт шөбере болып келгендіктен, ағылшын тағына құқығы болды. Бірақ, Мария және оның кеңесшілері ортасын таңдады: яғни, жас патшайымның бөлесі Елизабетті мойындалған заңды патшайым сайлануына кедергі болған жоқ және таққа талабынан бас тартпады. Франсуа пен Марияның елтаңбасында ағылшын тәжі болды. Марияның бұл шешімі Елизабетті келеке ету мақсатындай болуы, өмірін қауіптендірді: Шотландияда оның Англия тағына құқығын сақтап қалуға күші болмады, ал Англиямен байланыс бұзылды. 1559 жылғы 10 шілдеде II Генрих қайтыс болды, Франция тағына II Франсуа отырды. Мария Стюарт Франция патшайымы атанды.

Протестанттық революция II Франсуа әлсіз, науқас жасөспірім болды, сол себептен берік және батыл басқара алмады, ел билеу ісіне патшайым-ана Екатерина Медичи мен Гиздер Мария Стюарттың ағалары араласты. Осы уақытта Шотландияда протестанттық революция басталды. Көпшілік шотландық ақсүйектер протестанттық көтерілісшілердің қатарына қосылып, Англиядан көмек сұрады. Елге кірген ағылшын әскерін протестанттар азат етуші ретінде қарсы алды. Патшайым Мария де Гиз бен француз гарнизоны Лит қаласында қоршалды. Мария Стюарт анасына әскери көмек көрсете алмады: Амбуаздық қастандық 1560 жылғы наурызда Гиздердің сарайдағы ықпалын жойды, діни соғыс католиктер мен гугеноттардың кезі келді және Екатерина Медичи Англиямен қарым-қатынасын шиеленістіргісі келмеді.

1560 жылғы 11 маусымда Шотландияны протестанттанудың және Англиямен біріктірудің соңғы кедергісі Мария де Гиз қайтыс болды. Франция мен Англияның арасында жасалған Эдинбургтық шарт 1560 жылғы 6 шілдеде Шотландияда ағылшын, француз әскерлерін шығару қамтамасыз етілді де, елде протестанттардың жеңісін бекітті. Бұнда I Елизабетті Англия патшайымсы ретінде мойындайтындылығы жайлы болғандықтан Мария Стюарт шартты бекітуден бас тартты.

1560 жылғы 5 желтоқсанда ауыр сырқаттан II Франсуа қайтыс болды. Бұл Мария Стюарттың жуырда Шотландияға қайтатындығын көрсетті. Католик-патшайымның жақында келуі жаңадан мемлекеттік шіркеуді дайындау шотландық протестанттарды жеделдетті: елдің парламенті протестанттық наным белгісін және тәртіптік ережені бекітті. Шотландық шіркеу Римнен байланысын үзетіндігін жариялады және католикаға тиым салынды.

Шотландияға оралуы Ішкі саясат 1561 жылғы 19 тамызда 18 жасар патшайым Шотландияға келді. II Франсуа қайтыс болғаннан кейін француздық басымдылықты кейіптеуді қойған, Хантли графы басшылық ететін консерванттар сөзсіз патшайымны қолдауға дайын еді. Джон Нокс басшылық еткен радикалды протестанттар патшайымның католицизмнен және Арран графымен атастыруды үзуді талап етті. Протестанттық дінді қалдырып және Англиямен жақындасуды жалғастырады деген шартпен лорд Джеймс Стюарт пен мемлекеттік хатшы Уильям Мейтландтың жақтастары Мария Стюартқа қолдау көрсетер еді.

Билігінің алғашқы күндері-ақ Мария Стюарт саясатын сақ жүргізе бастады, католицизмді қалпына келтіруге тырыспады, бірақ протестанттықа ауыспады. Корольдік әкімшілікте басты рөлді Морей графы атанған Джеймс Стюарт пен Уильям Мейтланд сақтады. Патшайымды қолға түсіру мақсатында протестанттықтар қастандық ұйымдастырмақшы болды, бірақ бұл жоспар сәтсіз аяқталды. Арран көп ұзамай есінен адасты, ал Джон Нокстың радикалдығы шотландық ақсүйектерде түсінушілік кездестірмеді. Бір жағынан 1562 жылы консервативтік қанат басшысыз қалды: Морей графтығын өзіне беруін айтқан Хантли графы Мария Стюартқа қарсы көтеріліске шықты, бірақ лорд Джеймс оны талқандады, көп ұзамай ол қайтыс болды. 1562–1563 жылдары патшайым ресми түрде протестантизмді Шотландияның мемлекеттік діні ретінде мойындап, шіркеу табысын тәртіпке келтіріп, мемлекет пен діни қажеттіліктерге бөлуді бекітті. Мария Стюарт Тридент соборында католикалық доктринаны алуға шотландық өкілдерін жіберуден бас тартты. Бірақ Риммен байланысын үзген жоқ, Папаға хат жолдап отырды. Мария Стюарт билік етудің бас кезінде біршама саяси тұрақтылық орнады.

Сыртқы саясат Мария Стюартқа сыртқы саясат күрделі мәселе туғызды. Шотландық үкімет басшылары — Морей мен Мейтланд ағылшын-шотландық одақтың жақтастары болды. Ағылшын тағына өз құқығының жүзеге асуына үміттенген Мария I Елизабетті Англия патшайымы екендігін мойындаудан бас тартты. Егер Мария Елизабеттің тірі кезінде ағылшын тағына талабынан бас тартса Англия патшайымсы оны өзінің мұрагері ретінде мойындайды деген ымыраға келу мүмкін еді. Бірақ өз үмітіне сенімді Мария да, ағылшын тағының мұрагері жайлы сұрақты шешуге дайын емес Елизабетке де жақындасуды қаламады.

Сол уақытта Марияның жаңадан неке қиюы туралы сұрақ туындады. Оның көңіліне көптеген еуропалық монархтар таласты (Франция, Швеция, Дания королі, Аустрия эрцгерцогі). Испания королі Филипптің ұлы — Дон Карлос күйеуі атануға ұзақ уақыт үміткер болды. Осы одақтастық туралы келіссөздер Англияда алаңдаушылық тудырды: тіпті, бұл некеден бас тартса I Елизабет Марияны мұрагері деп жариялауды ұсынды. Алайда, 1563 жылдың аяғына таман Дон Карлостың психикалы қабілетсіз екендігі анық болды және бұл нұсқа сәтсіз болды. Елизабет өз жағынан Роберт Дадли, Лестер графы, өзінің көңілдесін ұсынды. Әрине, бұл Шотландия патшайымсының ызасын тудырды.

Мария Стюарттың құлауы және дағдарысы Риччоның өлімі мен екінші неке 1565 жылы Шотландияға Леннокс графы мен Маргарита Дугластың ұлы, патшайымның бөлесі 19 жасар Генрих Стюарт, Дарнли графы келді. Ол анасы жағынан Англия патшасы VII Генридің ұрпағы. Мария Стюарт оған бір көргеннен-ақ ғашық болды, I Елизабеттың наразылығына қарамай 1565 жылғы 29 шілдеде оған тұрмысқа шықты. Бұл неке Англиямен қарым-қатынасының үзілуін ғана көрсеткен жоқ, тағы патшайымның бұрынғы жақтастары Морей мен Мейтландты өзінен алшақтатып жіберді. 1565 жылғы тамызда Морей көтеріліс жасауға әрекеттенді, бірақ әскердің ақысын төлеу үшін зергерлік бұйымдарын берген және Гордондар мен Хепбёрндердің қолдайтындығы туралы уәдесін алған Мария Стюарт, бүлікшіге дереу шабуыл жасап, Англияға қашуға итермеледі.

Морейдің бұл әрекеті радикалды протестанттар мен англофилдердің сөзсіз адалдықтарынан алыс екендігін патшайымға көрсетті. Бұл патшайымның саясатында бетбұрысқа әкеліп соқтырды. Ол католиктермен жақындасып, Испания королімен хат жазысуды қайта жандандырды. Сонымен қатар, Мария жетекші шотландық ақсүйектермен өзін алыстатып, патшайымның өзіне ұнамды шетелдіктер мен тегі атақты емес адамдармен жақындасты. Күйеуімен қарым-қатынасы болып жатқан жағдай қиындата түсті: лорд Дарнли корольдік лауазымға дайын емес екендігін және ерекше дарыны мен адамгершілігі жоқ адамға тұрмысқа шыққандығын Мария Стюарт түсінді. Патшайым өз қателігін тұсініп, күйеуін жек көре бастады.

Нәтижесінде, 1566 жылдың басына таман патшайымға қарсы Дарнлидың коалициясы және Морей мен Мортон бастаған Шотландиядағы протестант лордтар құрылды. 1566 жылғы 9 наурызда аяғы ауыр патшайымның көзінше оппозицияның басшылары қатыгездікпен Марияның жақын досы, фавориты және жеке хатшысы Дәуіт Риччоны өлтірді. Мүмкін, бұл қылмыспен қастандық жасаушылар патшайымның өміріне қауіп төндіріп, жеңілдіктер жасауға мәжбүрлемекші болды. Бірақ, Марияның тиімді іс-әрекеті оппозицияның жоспарын қайтадан құртты: патшайым күйеуі мен Мореймен әдейі татуласуы қастандық жасаушылардың арасында бытыраңқылық тудырды да, қылмыскерлердің көзін жойды. Мортон мен оның сыбайластары Англияға қашты.