Кира Минтерн Седжвик (; 19 тамыз,1965, Нью-Йорк) – америкалық актриса. «The Closer» (2005—2012) телесериалында Бренда Ли Джонсонның рөлімен танымал атанған. Осы рөлі үшін 2007 жылы «Алтын глобус» және 2010 жылы «Эмми» жүлделерін иеленген.
Мансап Он алты жасында болғанда Седжвик «Another World» операсында ең бірінші рет сынға түскен. Кейін көптеген сериалдар мен кинофильмдерде алдыңғы қатардағы рөлдерге ие бола бастайды. 1989 жылы Оливер Стоунның «Born on the Fourth of July» фильмінде басты рөлді ойнайды. Онымен қоса, Пол Ньюманмен «Мистер және миссис Бридж» жобасында көрінеді. Седжвик 90 жылдардың басын бөлігін үлкен және жемісті фильмдермен өткізген. 2004 жылы «Cavedweller» фильмінде түсіп, «Independent Spirit» жүлдесінің номинанты болған. Кира «The Closer» сериалында басты рөлді иеленіп, танымал атанған.
Жеке өмірі Кира Седжвик 1988 жылдың 4 қыркүйегінен Кевин Бейконның әйелі. Олардың екі баласы бар: Трэвис Седжвик Бэйкон ( 23 маусым,1989) және Соуси Рут Бэйкон (5 наурыз,1992)Kyra Sedgwick.
Дереккөздер