Наурызым-Қарасу, Балкелді – Ақсуат көлі алабындағы өзен. Алабының 25-30 % егістікке жыртылған. Қалған бөлігінде табиғи өсімдіктер (негізінен астық тұқымдас) өседі. Мал жайылымына қолайлы.
Географиялық орны Қостанай облысының Науырзым ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 85 км, су жиналатын алабы 1210 км². Жалпы ұзындығы 58 км болатын 15 саласы бар. Ірілері: Кіндіксай, Шеткіаша, Смоляная, Ақансай т.б.
Бастауы Бастауын Буревестник ауылы маңындағы Қарасу өзегі мен Көлді сайындағы бұлақтардан алып, Үлкен Ақсуат көліне батысынан кұяды. Ақбұлақ қыстауына дейінгі жоғары ағысы жазық жермен, орта арнасы жағалауы 5-6 м болатын жарқабақты өңірмен өтеді.
Гидрологиясы Төменгі ағысы мен сағасы жазық. Арнасында жыл бойы дерлік су болады. Негізінен жер асты және көктемгі жауын-шашын суларымен толығады.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Науырзым ауданы өзендері