Қарақуыс, Үлкен Қарақуыс – Сарыарқадағы тау жотасы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1342 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 26 км-ге созылып жатыр, енді жері 10-15 км.

Геологиялық құрылымы Қарақуыс девон мен тас көмірдің әктастарынан, порфиритінен және элювийлі-делювийлі интрузивтік гранитоидтарынан түзілген.

Жер бедері Беткейлерін сай-жыра, аңғарлар тілімдеген. Таудан көптеген бұлақ бастау алады.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында өлеңшөп, бетеге аралас қараған, ал өзендерді бойлай терек, қайың өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары