Мильеранизм, министериализм, «министрлік социализм» — социалист Александр Мильераның 1899 ж. француз буржуазиялық үкіметінің құрамына кіруімен байланысты ұғым. Владимир Ильич Ленин «француз мильеранизмі – ревизионистік саяси практиканың кең, шын мәнінде ұлттық көлемде қолданылуының ең ірі тәжірибесі...» деп баға берген. 2-ші Интернационалдың Амстердам конгресі (1904), оппортунистердің қарсылығына қарамастан, социалистердің буржуазиялық үкіметке қатысуына қарсы шешім қабылдады.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Социализм