Айгене — Түркістан облысы Созақ ауданы, Таукент кенттік әкімдігі құрамында болған ауыл, 2015 жылы таратылған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 177 адам (86 ер адам және 91 әйел адам) болса, 2009 жылы 151 адамды (83 ер адам және 68 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданының таратылған елді мекендері