Джон Гленн (; 18 шілде 1921 жыл, Кембридж, Огайоштаты - 8 желтоқсан 2016 Колумбус Огайо АҚШ) Жерді айналған алғашқы американдық. Гленн II Дүниежүзілік соғыс және Кореямен соғыс барысында бірнеше рет ұшқан АҚШ-тың әскери қызметкері болатын. Сонымен қатар, ол 1975-199 жылдар аралығында АҚШ-тың Огайо штатына сенатор болған. Оны 1959 жылы АҚШ ғарыш бағдарламасы таңдап, 1962 жылдың 20 ақпанында «Достық 7» ғарыш кемесінің бортында Флоридадағы Кейп Канавералдан алғаш орбиталық ұшуға жіберілді. Гленн жерді үш рет айналып, Атлант мұхитына Багама аралдары жаныан қонды.Ғалам Энциклопедиясы, 54 бет Ғарышкерлер бөлімі

Дереккөздер

Санат:АҚШ ғарышкерлері