Микирлер (арленг) – Үндістанның Ассам штатының солтүстігін мекендейтін халық. Жалпы саны 300 мың адамдай.
Тілі Микирлердің көпшілігі ассам тілінде сөйлейді (үндіеуропалық отбасының үнді-арий тобына жатады), қалған тұрғындар микир тілінде (қытай-тибет отбасының орталық тобының тілі) сөйлейді.. Микир хаси тілімен фонетикалық және грамматикалық құрылымның көптеген ұқсас белгілері бар.
Діні Діни көзқарастарында көне анимистік нанымға сенушілік көбірек сақталған.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын ауыл шаруашылығы (күріш, мақта, жүгері, қыша, көкөністер). Шошқа, ешкі, құс, сонымен қатар жібек құрты өсіріледі. Найзамен, садақпен, жебемен аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан. Дәстүрлі қолөнерден – тоқымашылық, өру, керамика, ұсталық (пышақ, ілмек, т.б., сондай-ақ күміс пен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар) дамыған.
Өмір салты Отбасылық қатынасы моногамиялық некеге негізделіп, рулық экзогамиялық тәртіп берік сақталған. Қалыңдық үшін қыз әкесіне бірнеше жыл еңбек ету тәртібі кеңінен қолданылады. Микирлер қауымдық-тайпалық қатынастардың ыдырау сатысында. Қауымдастықты ақсақалдар кеңесі басқарады, ол өз мүшелерінен басшы сайлайды. Отбасы әдетте шағын, бөлек көп балалы отбасылар сақталған. Неке патрилокальды. нобай|оңға|200px| Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Ауылдары әдетте шашыраңқы болып келеді. Үйлері үлкен, қадаларға орналасқан. қабырғалары бамбуктан жасалып, төбесі шөппен жабылған. Үй екі немесе үш бөлмеге бөлінген, бір немесе екі жағында ашық террассалар бар. Үйдің астында малға арналған үй-жайлар бар.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі ерлер киімі - дхоти, көйлек, жолақты жеңсіз күрте, әйелдердікі - белдікпен бекітілген тігілмеген белдемше, көбінесе жолақты және күртеше. Дәстүрлі зергерлік бұйымдары - үлкен күміс сырғалар, алқалар, білезіктер.
Дәстүрлі тағамдары Азық-түліктен - күріш, жұмыртқа, көкөністер, балық. Сусындардан күріш сырасын ішеді. Жібек құртының дернәсілдері деликатес болып саналады.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Үндістан этникалық топтары