Артур Гендерсон (; 13 қыркүйек 1863, Глазго – 20 қазан 1935, Лондон) — британдық саяси қайраткер, Лейбористік партия жетекшілерінің бірі. 1903 жылы Парламентке сайланды. 1916–1917 жылдары үкімет мүшесі. 1924 жылы 1-лейбористік үкіметтің ішкі істер министрі. 1929–1931 2-лейбористік үкіметтің сыртқы министрі. 1932–1933 жылы Қарусыздану жөніндегі халықаралық конференцияның төрағасы болды. 1934 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Ұлыбритания сыртқы істер министрлері Санат:Ұлыбритания ішкі істер министрлері Санат:Оппозиция көшбасшылары (Ұлыбритания)