Қызылтау – Кеңаңғар қонысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты кентінің оңтүстік-батысында 68 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 530 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейі адырлы, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Көрқұдық құдығы, батысында Жүрісбай төбесі мен Ақсортопырақ қонысы, оңтүстігінде Сарық, шығысында Қоңырадыр таулары бар.
Өсімдігі Қоңыр, сортаң топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, тобылғы, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары